Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі туралы ақпарат

Нәси Сырым Қажымұратұлы - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі.

Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.

Әдеп жөніндегі уәкіл дербес лауазымын атқаратын адам өз мемлекеттік органының құрылымына кіретін ведомстволардың және аумақтық бөлімшелердің әдеп жөніндегі уәкілдеріне әдіснамалық басшылық жасауды үйлестіреді және жүзеге асырады.

Әдеп жөніндегі уәкіл өз функцияларына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды олардың өтініші бойынша немесе баршаға көрінетін жерде орналастырылған кестеге сәйкес айына кемінде бір рет қабылдауды жүзеге асырады.

Қажет болған жағдайда азаматпен немесе мемлекеттік қызметшімен әңгімелесу телефон не ақпаратты тиісінше беруді қамтамасыз ететін басқа да коммуникация құралдарын пайдалану арқылы өткізілуі мүмкін.

Байланыс телефоны: 8 7172 743575,  +7 776 122 57 19,   
Электрондық пошта: s.nasi@enbek.gov.kz

 

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ-де департамент басшысының м.а. бұйрығымен әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы - Гаухар Лесбекқызы Габдуллинаға жүктелді.

Байланыс деректері: Петропавл қ., 308 Қызыл тулы полк к, 37, 12-кабинет, тел. 42-34-30, моб. 8-701-170-06-79.

Электрондық пошта: g.gabdullina@enbek.gov.kz