Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

  1. Осы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) сыбайлас жемқорлыққы қарсы стандарты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2015 жылғы 18 қарашадағы 10-бабына сәйкес әзірленді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Министрліктің орталық аппараты, ведомствосы және ведомствосының аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек саласындағы өз міндеттерін және өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде іс-әрекеттерін айқындайды.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты Министрліктің орталық аппараты, ведомствосы және ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің құзіреті саласында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, құқықтық сауаттылықты және сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті арттыру болып табылады.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың міндеттері:

Министрлік орталық аппараты, ведомствосы және ведомствосының аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің (бұдан әрі – Министрлік қызметкерлері) сыбайлас жемқорлыққа қарсы орнықты мінез-құлқын қалыптастыру;

Сыбайлас жемқорлық көріністерін уақытында анықтау және олардың теріс салдарының алдын алу;

Министрлік орталық аппараты, ведомствосы және ведомствосының аумақтық бөлімшелері қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады;

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты қолдану және орындау:
  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Министрлік орталық аппараты, ведомствосы және ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің қызметінде функцияларды жүзеге асыру және жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде қолданылады;
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты Министрліктің барлық қызметкерлері орындауға міндетті;
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың тиісінше орындалмауына Министрліктің барлық қызметкерлері дербес жауапты болады.
  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу заңнамаға сәйкес жүргізіледі.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт белгіленген талаптарды мүлтіксіз сақтауға және қызмет саласына байланысты сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған Министрлік қызметкерлерінің іс-әрекеттері мен шешімдерін айқындайды.
  3. Министрлік қызметкерлерінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтауын бақылау Министрліктің әдеп жөніндегі уәкіліне және тиісті құрылымдық бөлімшелерінің, Министрлік ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің сәйкес басшыларына жүктеледі.
  4. Әдеп жөніндегі уәкіл тоқсан сайын, есептік айдан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде Министрліктің жауапты хатшысына Министрлік қызметкерлерінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтауы туралы есепті ұсынады.

Министрліктің жауапты хатшысы қажет болған жағдайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың сақталуы туралы ақпаратты басқа мерзімде сұратуға құқылы.

  1. Министрлік қызметкерлері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартта қозғалатын салада, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асырған кезде:
  1. Конституция және Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілері, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Министрдің және жауапты хатшының бұйрықтары, сондай-ақ Министрліктің ережесін басшылыққа алуға;
  2. Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тілге және басқа да тілдерге, Қазақстан халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрпына құрметпен қарауға;
  3. жеке тұлғалармен және заңды тұлғалардың өкілдерімен және әріптестерімен қарым-қатынаста адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, сыпайылық пен әдептілік танытуға;
  4. жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың айқындылығын қамтамасыз етуге;
  5. өз іс-әрекеттерімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға себеп тудырмауға, сын үшін қудалауға жол бермеуге, өз қызметін жақсарту және кемшіліктерді жою үшін  конструктивтік сынды пайдалануға;
  6. жеке басының мәселелерін шешкен кезде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілердің және өзге де тұлғалардың қызметіне ықпал ету үшін қызмет жағдайын пайдаланбауға;
  7. шындыққа жанаспайтын мәліметтерді таратпауға;
  8. теріс қылықтар және тәртіптік, әкімшілік қылмыстық жауаптылық заңмен  қарастырылған немесе өзге де құқық бұзушылықтарды жасауға жол бермеуге;
  9. мемлекеттік органда еңбек заңнамасының және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын, еңбек режимі, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болумен байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етуге тиіс;
  1.  Мемлекеттік қызметтерді және өзге де рұқсат беру функцияларын көрсеткен кезде Министрлік қызметкерлері:
  1. тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жоғарылату шаралар қолдануға;
  2. заңнамаға сәйкес қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық және шынайы ақпарат ұсынуға;
  3. мемлекеттік қызметтерді және өзге де рұқсат беру функцияларын көрсетуде заңнамада қарастырылмаған құжаттарды талап ету, әуре-сарсаңға (бюрократияға) жол бермеуге;
  4. өздерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға итермелеген жағдайда басшылыққа хабарлауға;
  5. мемлекеттік қызмет көрсету процесін үнемі оның үнемділігі мен тиімділігін тұрақты түрде қамтамасыз етуге;
  1.  Министрлік қызметкелері нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындаған кезде:
  1. егер мазмұны нормативтік құқықтық акт жобаларының азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғаса, оларды алдын-ала қоғамдық талқылауды, оның ішінде жобаларды Қоғамдық кеңес отырыстарында талқылау, сондай-ақ жобаларды ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Министрліктің интернет-ресурсында орналастыру арқылы қамтамасыз етуге;
  2. тек Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін басшылыққа алуға;
  3. өзі немесе үшінші тұлғалар үшін пайда алу мақсатында нормативтік құқықтық актілер, халықаралық шарттар әзірлеуге жол бермеуге;
  4. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормаларды алып тастауға тиіс.
  1.  Министрлік қызметкерлеріне тауарлар, жұмыстар, қызметтер, сатып алуға байланысты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мыналар:
  1. мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшалай қаражатты оңтайлы және тиімді шығындау;
  2. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайлардан басқа, мемлекеттік сатып алу өткізу рәсіміне қатысуға әлеуетті өнім берушілерге тең мүмкіндіктер беру;
  3. мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету;
  4. сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;
  5. борышкерлердің біріңғай тізіміне енгізілген және атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігердің (орындаушыны) қатысуына жол бермеу ұсынылады.
  1.  Министрлік қызметкерлері өз құзіреті шегінде басқарушылық және өзге шешімдерді дайындаған және қабылдаған кезде:
  1. мүдделер қақтығысының пайда болуы, қызметтік міндеттерді орындаудағы жеке мүдде,  сыбайлас жемқорлық мінез-құлқына итермелеу және сыйлықтар алу  туралы тікелей басшысына жеткізуге;
  2. жеке басының мәселелерін шешкен кезде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілердің және өзге де тұлғалардың қызметіне ықпал ету үшін қызмет жағдайын пайдаланбауға;
  3. әріптестеріне, басшыларға және өзге де лауазымды адамдарға сыйлықтар бермеуге және қызметтік өкілеттіктерін қолдану арқылы мүліктік пайда, игілік пен артықшылықтар алу үшін қызметтік емес қызметтер көрсетпеуге;
  4. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының басын ашуда белсенділік танытуға;

5) сыбайлас жемқорлық туралы, сондай-ақ материалдарды жедел қарау үшін кез-келген пайда алуға итермелеу туралы басшылыққа дереу хабарлауға;

6) жазбаша түрде орындау үшін алынған өкімнің заңдылығына күмәндануы туралы тікелей басшыға жазбаша түрде хабарлауға;

7) егер тікелей басшысының өзі мүдделер қақтығысына қатысты болса, жоғары тұрған басшылыққа жүгінуге;

8) кəсіпкерлік жəрдемдесуге жəне кіріс табумен байланысты қызметті жүзеге асыруға өзге біреуге жәрдемдесуден тыйылуға тиіс;

14. Министрліктің қызметкерлерін іріктеу және орналастыру бойынша кадр жұмысын ұйымдастыру кезінде:

1) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету, заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;

2) белгiленген мiндеттердi орындауды реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерде сәйкессiздiк туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгiнiң уәкiлеттi органына жазбаша нысанда хабарлауға;

3) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне әсер ететін шешімдер қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;

6) мүдделер қақтығысын олардың пайда болуына жол бермеуге, оларды заңнамаға сәйкес жоюға шаралар қабылдауға;

7) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу және лауазымға қойылатын біліктілік талаптарын, бақылау шараларын және шешім қабылдауды көздейтін өзге де іс-әрекеттерді орындау тәртібімен үйлестіру кезінде мәселелерді объективті, әділ, ашық, жан-жақты, тәуелсіз және сенімді түрде қарайды, тек заңнамаға сәйкес шешімдерді қабылдайды;

8) өзiне берiлген құқықтар шеңберiнде және қызметтiк мiндеттерге сәйкес билiк етуге;

9) мүдделер қақтығысына жол бермеуге, олар пайда болған жағдайда оларды заңнамаға сәйкес жоюға шаралар қабылдайды;

10) бақылау шараларын және шешiм қабылдауға әкеп соғатын өзге де iс-шараларды жүргiзу кезiнде мәселелердi объективтi қарауға, тек заңдарға сәйкес шешiм қабылдауға;

11) қызметкерлерді іріктеу және туыстық, туысқандық және жеке адалдық негізінде орналастыру жағдайларын болдырмау, конкурстық рәсімдерді жүргізу кезінде заңмен қарастырылмаған жеңілдіктерді (протекционизм, непотизм) қамтамасыз етпеу; жазалау, қызметкерлер мен әлеуметтік мәселелер меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету;

12) қызметтiк мiндеттердiң бiр бөлiгi болып табылатын шешiмдер қабылдау кезiнде материалдық пайда, қызмет және өз мiндеттерiн атқаруға байланысты өзге де жеңiлдiктердi қабылдамауға;

13) жеке деректерді өңдеу кезінде ақпарат пен материалдарды үшінші тұлғаларға бермеуге;

14) мемлекеттiк органның жұмысының тиiмдiлiгiне кедергi келтiретiн немесе азайтатын iс-әрекеттерге қарсы тұру;

15) заңда тәртiптiк, әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауаптылық көзделген қылмыстар мен өзге де құқық бұзушылықтарды жасауға жол бермеу;

16) іскерлік этикеттің және ресми мінез-құлық ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.