Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында және арнайы әлеуметтік қызмет көрсету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөнінде 2019 жылдың 9 айы бойынша мәлімет

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің қызметкерлерімен  2019 жылдың 9 айында «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының және «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету туралы» заңының сақталуына 39 тексеріс, оның ішінде 20 профилактикалық тексеріс және 19 жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. 
Тексеріс нәтижелері бойынша бес субъект ҚР ӘҚБК 83-бабы бойынша айыппұл төлеу түрінде жалпы соммасы 984,750 теңгеге объектіге қол жетімділік жағдайды жасамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Бір әкімшілік материал ұйғарымды уақытында орындамағаны үшін Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына шара қабылдау үшін жібірілді. Сот шешімі бойынша лауазымды тұлға ҚР ӘҚБК 462-бабы 3-бөлімінде көзделген әкімшілік  құқықбұзушылықты жібергені үшін айыпты болып танылды және 462 бабы бойынша 37 785 теңге соммасында айыппұл төлеу түрінде әкімшілік жазаға тартылды.
Тексеріс қорытындылары бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандарымен анықталған бұзышылықтарды және орындау мерзімдері көрсетілген 39 ұсыным берілді. Бүгінгі күні берілген ұсынымдардың 27-і орындалды (70%) қалған ұсынымдардың орындау мерзімдері өткен жоқ, тұрақты бақылауда болып табылады.

Қазақ