Департамент басшылығы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ-нің басшысы

Мереке Тілеужанұлы Мұхамедияров

1962 жылғы 8 қарашасында Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев ауданының Ақсу селосында туылған.

1984 жылы Целиноград машина жасау техникумын, техник-механик мамандығы бойынша, 1993 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын социология мамандығы бойынша, 2010 жылы М. Қозыбаева атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін экономика мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек өтілі:

1979-1984 жылдар – Сергеевка ауданының «Еңбек» совхозы №2 бөлімшесінің жұмысшысы;

1984-1988 жылдар – Сергеевка ауданының «Еңбек» совхозының косомолдық ұйымының хатшысы;

1988-1993 жылдар – «Еңбек» совхозы №2 бөлімшесінің басқарушысы Сергеевка ауданы;

1993-1994 жылдар – «Еңбек» совхозы өндіріс бойынша директорының орынбасары, Сергеевка ауданы;

1994-1995 жылдар – Жаңасу ауылдық әкімшілігінің басшысы, Жанасу с., Сергеевка ауданы;

1995-1997 жылдар – Жаңасу селолық округінің әкімі, Жанасу с., Сергеевка ауданы;

1997-1998 жылдар – Аютас ауылдық округі әкімінің орынбасары, Сергеевка қ., Шал ақын ауданы;

1998-2003 жылдар – Аютас ауылдық округінің әкімі, Сергеевка қ., Шал ақын ауданы;

2003-2004 жылдар – Сергеевка қ. әкімі, Сергеевка қ., Шал ақын ауданы;

2004-2007 жылдар – Аудан әкімінің әлеуметтік, көлік және коммуникация мәселелері жөніндегі орынбасары, Сергеевка қ., Шал ақын ауданы;

2007-2011 жылдар – Петропавл қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының әлеуметтік мәселесі жөніндегі орынбасары;

2011-2015 жылдар – Петропавл қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы;

2015-2016 жылдар – «Солтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің басшысы;

01.07.2016-17.11.2016 жыл– ИП «Джумабаев Г.Т.» ЖК басшының орынбасары;

2016 - 2017 жылдар – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары;

2017 жылғы 19 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталды.

Отбасылы, екі баласы бар.

Телефоны: 42-39-49

Қабылдау бөлмесі: 42-34-33

Азаматтарды қабылдау уақыты: апта сайын сейсенбі күні 15:00-ден 17:00-ге дейін

 

Департамент басшысының медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері жөніндегі орынбасары

Мейманова Бегаим Асимбайқызы

Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылында 1968 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1999 жылы Ақмола мемлекеттік медициналық академиясын жалпы тәжірибелі дәрігер-педиатр мамандығымен бітірді. Өзінің еңбек жолын 2001 жылы Соколов жетім балаларға арналған мектеп-интернатында дәрігер педиатр болудан бастады. 2006 жылдан бастап Қызылжар ауданы Пресновка отбасылық-дәрігерлік амбулаториясында дәрігер болып қызмет етті. 2010 жылдан бастап Қызылжар орталық аудандық ауруханасында жалпы тәжірибелі дәрігері болып қызмет атқарды. 2016 жылдан Петропавл қалалық №3 емханасында учаскелік дәрігер педиатр болып жұмыс істеді. Осы лауазымға тағайындалған уақытқа дейін Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің Медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснамалық және бақылау бөлімінің басшысы  қызметінде болды. ҚР ЕХӘҚМ Жауапты хатшысының бұйрығымен басшының медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері жөніндегі орынбасары лауазымына 2018 жылдың 24 қаңтарынан бастап тағайындалды.

Телефоны: 42-34-45

Азаматтарды қабылдау уақыты: апта сайын жұма күні 10.00-ден 12.00-ге дейін.

 

Департамент басшысының әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары

Гүлбақыт Хәкімқызы Манабаева

1982 жылы 6 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданы Бостандық с. туылған. 2004 жылы «биология және химия мұғалімі» мамандығы бойынша М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін аяқтаған. 2007 жылы «құқықтану» мамандығы бойынша Орталық Азия университетін бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Е. Бөкетов атындағы қалалақ қлассикалық гимназиясында химия пәнінің мұғалімі ретінде бастаған;

2011-2014 ж.ж. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінде әлеуметтік көмек және қолдау бөлімінің бас маманы болған;

2014 жылдан бастап және осы лауазымға тағайындалуына дейін №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.

2018 жылдың 30 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі жауапты хатшысының бұйрығымен Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша депарртамент басшысының әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды

Телефоны: 42-38-06

Азаматтарды қабылдау уақыты: апта сайын сәрсенбі күні 15.00-ден 17.00-ге дейін.