Зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер туралы

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы төлемін тағайындау әдістемесі өзгерді.

Өзіңізге белгілі болғандай, базалық зейнетақы азаматтың еңбек өтіліне және табысына қарамастан барлығына бірдей мөлшерде (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% - 15274тг) тағайындалып келді.

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы тек қана жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен кезде және зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалады.